четверг, 1 сентября 2016 г.

« Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ »



Адамзат баласының  қол  жеткізген  ұлы  игіліктерінің  бірі   білім  қазынасы. Бүгін де міне 1-ші  Қыркүйек білім  күні осы мерекеге орай кітапханамызда  «Қазақстанның  болашағы білімді  ұрпақ»  атты  кітап  көрме  ұйымдастырылды.
 Білім  сипаты алуан түрлі, адам баласының  сан  ғасырлық  ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.  «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп  Шекспир айтқандай  кітап көрмемізде  көркем әдебиет, қазақ тілі ,тарихи  тағыда басқа  кітаптар қойылды.  Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі  мен  білімін, пайымы мен парасатын   айқындайтын   алғы  шарттардың бірі. «Батыр бірді жығар,білімді мыңды жығар»,-деген халық даналығы бекер айтылмаған, ендеше кітап біздің сарқылмас рухани қазынамыз, құрметті оқырмандар осы асыл қазынамызды ардақтайық.


Комментариев нет:

Отправить комментарий