- Тұз –
тазартумен қатар ағартады. Адам терлеген кезде ашық түсті киімнің қолтығында
сарғыш дақ қалады. Бұл киімді жумас бұрын тұз ерітіндісіне салса, тез кетеді.
- Жаңадан сатып
алған джинсы шалбарыңыз қатты болса, кір жуатын ұнтаққа 1/3 бөлік тұз салып
жусаңыз, жұмсарады.
- Егер киіміңізге
шарап төгіп алсаңыз, сол жерге дереу тұз сеуіп, 30 минуттай суға сала тұрыңыз.
Осыдан кейін жусаңыз, киіміңізде дақ қалмайды.
- Өсімдік майы ағашты
жылтыратады.
- Сықырлап тұрған
есік топсасына май тамызсаңыз,мазаңызды алмайтын болады.
- Ас содасы
ыдыс-аяқты жақсы тазартады. Әсіресе, шыны мен фарфор және күмістен дайындалған
ыдыстардағы май мен кірді бірден кетіреді. Сондай-ақ ескі ыдыстардағы жағымсыз
иістерді жояды. Ыдысты тазалаған кезде содаға шамалы су қосып пайдаланыңыз.
- Күмістен жасалған
қасық, шанышқыларды тазарту үшін түбіне фольга қағазы төселген кастрюльге
салып, үстіне ыстық су құйып, жарты стакан ас содасын қосады. Осындай
тазартудан кейін қасық пен шанышқылар бұрынғы қалпына келіп, жарқырап шығады.
- Ескі жиһаздағы жағымсыз иісті кетіру үшін оның ішіне құрғақ
ас содасын сеуіп қойыңыз. 1-2 сағаттан соң шаңсорғышпен сорғызып алыңыз.
- Апельсиннің кептірілген қабығы киімді күйе көбелектен
(моль) сақтайды.
- Лимон шырыны қандай да бір заттың бетіндегі майлы
кірді ерітіп тазартады. Ол үшін жаңадан сығылған лимон шырынын сол жерге жағып,
жарты сағатқа қоя тұрады. Сонан соң оның үстіне ас содасын қосып сүртсеңіз,
майлы кір бірден кетеді.
- Зәйтүн майы мен лимон шырынының 2:1 есебіндегі қосындысы
ағаштан жасалған жиһаздарды жақсы жылтыратады.
- Сарғыш тартқан ақ түсті киімді лимон тілімдері қосылған
ыстық суға сала тұрса, ағарып шығады.
- Темірдің тот басқан жерін тұз бен лимон шырыны қосылған
ерітіндімен сүрту керек.
Комментариев нет:
Отправить комментарий