вторник, 8 августа 2017 г.

"Сарыарқа төрінде ғасырлармен үндескен Астана"

Қалалық орталық кітапханамызда Астана күніне орай, «Сарыарқа төрінде ғасырлармен үндескен Астана »             атты тақырыпта кітап көрме ұйымдастырылды 
Көрменің мақсаты: Еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың идеялары мен еңбектері, Елордамыз Астананың туу тарихының қалай басталғандығы, Тәуелсіздігіміздің тірегіне,экономикамыздың жүрегіне айналған Елорда , тіл, ұлт руханияты жайлы кітаптар ұсыну.
Астана күні – еліміздегі ең елеулі де ауқымды мереке, халықтың асыға күтетін зор қуанышы. Елорданың бүгінгі бағындырған биік белестері мен жарқын жетістіктері көп. Барша қазақстандықтар үміт артып, үлгі тұтып отырған бас қаламыздың қарышты қадамы мақтан етуге лайықты. Астана – еліміздің асқақ бақыты. Ертеңі еңселі Елорда Қазақстан халқының рухани өрлеуінің тірегіне, бірлігі мен ынтымағының белгісіне, еліміздің жасампаз жеңістерінің көрінісіне және қазақстандық арманның іске асуының айқын дәлеліне айналды. Бас қала Астана Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың жобаларымен  жүзеге асты, биыл  Қазақ елінде  Халықаралық көрме өткізілуде, ол ЭКСПО 2017Қазақстанның Елордасы Астана қаласында ең алғашқы тұсау кесер көрменің бірі.Көрмеге  қазақ жеріне шет елдерінен қонаққа келуде және  көрме халықтың көңілінен шығып  үлкен қуанышқа кеңеліп жатыр.Біз Астанамыз арқылы мақтанамыз. Кітап көрмеде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің  «Еуразия жүрегінде»«Ақыл-парасат», О.Асанғазы «Ұлт тұмары»,  В.П.Патраков «Астана-начало Евразии» тағыда басқада кітаптар,  кітап көрме сіздердің назарларыңызға  ұсынылуада.

Комментариев нет:

Отправить комментарий