вторник, 29 августа 2017 г.

Ата Заңым-асылым


«Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Сондықтан да біздің ортақ парызымыз-Негізгі Заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.
Н.Назарбаев
30 тамыз  Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай орталық кітапханада  «Ата Заңым - асылым» атты кітап көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Ата Заңды құрметтеу, халықты Отаншылдыққа , ұлтжандылыққа шақыру.
 Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда бірауыздан қабылданды.
Бұл күн Қазақстан Республикасының Республикасының мемлекеттік мерекесі болып табылады.Кез келген мемлекеттің қалыптасып, дамуында оның Конституциясы – Ата заңының алатын орны ерекше. Әрбір елдің өз Ата заңдары болады. Заң болмаса, адам құқығы қорғалмайды, дүниеге келген бірінші күннен бастап адам баласы  мемлекеттің қамқорлығында. Конституция талаптары бойынша мемлекетің басты құндылығы –адам, адам өмірі  және азаматтардың құқықтары мен бостандығы болып табылады. Кітап көрмеде: Конституцияға сәйкес Ата Заң кітаптары газет,журналдар қойылды. Ерекше салтанат пен құрметке толы басты төлқұжатты еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың  Қазақстан халқына жария еткен тарихи сәтке биыл 22жыл толып отыр. Құндылықтарымыздың негізін айнытпай орындаудың нәтижесінде аз ғана уақыттың ішінде тұғыры берік, туы биік мемлекеттігімізді орнатып, тәуелсіздігімізді паш еттік.
Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Конституцияны қабылдау кезінде жүргізілген референдум егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды.Бүгінде демократиялық, зайырлы құқықтық мемлекет ретінде орнығу талаптарының бәрі Конституция қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.

Комментариев нет:

Отправить комментарий