четверг, 14 декабря 2017 г.

Өлкеміздің қаламгері

         
Жергілікті қаламгер ақын-жазушы,тарихшы, әрі журналист Төлеухан Ілиясұлының 70 жылдығына орай, қалалық орталық кітапханасында және Мәдени-сауық орталығында «Өлкеміздің қаламгері» атты кітап көрме ұйымдастырылды.

Кітап көрмеде ақын-жазушының өмірбаяны, шығармалары және баспа беттерінде жазылған мақалалары қойылды. Қысқаша ақынның кітаптарына шолу жасап, ақын өлеңдерінің ерекшелігі-өмірге құштарлығына, оны бағалай білуінде, автордың әр өлеңінде философиялық астар жатқанында,өзінің көзі көрген, көңілге түйгендерін қарапайым тілмен өз оқырмандарына жеткізе білген топтамалары мен жинақтары бар.Адам баласының қилы тағдырлары,өлкеміздің айбынды тұлғалары мен қырымды қайраткерлерінің өмірлері жайлы жазылған. Еңбектері Республикалық басылымдарда жарық көріп, өз оқырмандарынан оң баға алған шығармалары еніп отыр. Жарық көрген кітаптары атап айтсақ:« Жаңаарқа нақыштары»,«Сарбазы Сарыарки», «Четвертой власти» ,«Шинара моя Шинара» тағыда көптеген кітаптары бар. Жергілікті ақынымыз Төлеухан Ілиясұлы өлкемізде өсіп келе жатқан ұрпақтарға үлгі.

Комментариев нет:

Отправить комментарий