пятница, 7 сентября 2018 г.

Тіл байлығы-ел байлығы




 
 5 қыркүйек күні тіл мерекесіне орай Халыққа қызмет көрсету орталықтың пайдаланушыларына «Тіл байлығы – ел байлығы» атты кең көлемді кітап көрмесі назарларына ұсынылып, көрмеге шолу жасалып, ақпараттық сағат өткізілді
. «ҚР Премьер-Министрдің қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. «Елімізде Абайдың туған күнін барлығы жақсы біледі. Кеңес одағы кезінен бері тамызда Абай атамыздың туған күні кең көлемде аталып өтеді. Сондықтан 5 қыркүйек - ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнін де осындай деңгейге жеткізу мақсатында ауыстырылды. Бұрын бұл мереке қыркүйек айының үшінші жексенбісі болатын. Кітап көрмеге 35 кітап қойылды. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке, ұлттың қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді.Тілдер күні - мемлекет азаматтарының достығын , туысқандығының , бірлігінің белгісі. Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі құтты болсын!

Комментариев нет:

Отправить комментарий