среда, 20 марта 2019 г.

Наурыз мерекем – Наурыз берекем!


Тарихымыздан дәстүр, ата-бабамыздан салт болып келе жатқан Ұлы мерекеміз – Наурыз мейрамына орай 2019 жылдың 19 наурыз күні С.Сейфуллин атыңдағы қалалық орталық кітапханада «Наурыз мерекем – Наурыз берекем» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді.

Мерекелік іс шараға ақсақалдар, қаламыздың құрметті азаматтары және оқырмандарымыз қатысты. Мерекелік бағдарлама №1 және №7 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларынын белсене қатысуымен өткізілді. Дәстүрге айналған «Алас» рәсімі көрсетілді.
Қаламыздың құрметті ақсақалы Айкен Садыков баршамызды кележатқан Наурыз мерекесімен құттықтап жақсы тілек тіледі.
Жазушы Төлеухан Ильясов С. Тұрғынбековтың «Наурызға наз» атты өленің оқып берді.
Іс шара барысында кітапханамыздын тұрақты оқырманы, ардагер ұстазды Р.Сатановты мерейтойымен құттықтады.
Кеш соңында Ұлағатты ұстаз Онал Садвакасовна қонақтарға жайылған дастарханға ақ батасын берді.

Комментариев нет:

Отправить комментарий