суббота, 29 июня 2019 г.

«Бір ел – бір кітап» 2019 акциясы

Қазақстанда  республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.
 Акцияның  мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады. «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы бойынша  2019 жыл таңдауы Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдері таңдап алынды. Жалпы, бұл игілікті шара елімізде әдемі дәстүрге айналып, жұртшылықтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға елеулі үлес қосып келеді. Бұл жоба басқа мемлекеттерде де кеңінен тараған. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында С.Сейфуллин атындағы кітапханада«Бір ел – бір кітап 2019» атты ақпараттық сағат өткізілді. Шараға № 7 мектептің 10 - сынып оқушылары мен  ұстаздары қатысты. Екі ақының өмірі мен шығармашылығына арналған шолу жасалып, бейнеролиік көрсетілді.Бейнеролик көрсету барысында оқырмандардың қойған сұрақтарына толықтай жауап берілді.Оқырмандар ақынның өмір жолы, шығармаларымен таныстырылып өтті. Оқушылар Ә.Тәжібаевтың өлеңдерін, Ә.Кекілбаевтың романынан монолог оқыды. Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды. Жыл көлемінде акция аясында Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған  Тәжібаев оқулары өткізілетінін хабарлап, оқырмандарды іс -шараларға белсене қатысуға шақырылды.

Комментариев нет:

Отправить комментарий