Қаражал қаласының С.Сейфуллин
атыңдағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында денсаулық күніне орай,
«Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара мақсаты: Оқырмандарымыздың салауатты өмір салты жайлы білімдерін
тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып,
өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы
байлық екендігін түсіндіру, денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі
қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін ұғындыру. Жаман
әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін
насихаттау. Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты
өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Ақпараттық сағатымызда Қаражал
қаласының №7 мектептің 10-сынып
оқушылары, атап айтсақ З.Нұртасова, М,Гореева, Г.Қажыбай,
И.Сажинова, А.Дулат, А.Боранбаева, А.Аманжолова, А.Бақбаева, Н.Сейтенова,
А.Абілқасымова үлкен үлестерің қосып қатысты. Ақпараттық сағатымызда көптеген
денсаулық жайлы мағлұматтар мен ой-пікірлерімізбен бөлісе отырдық. Кейін
кітапханашымыз Ж.Ұзақова «Ұлт саулығы – денсаулық кепілі» атты кітап көрмеге
шолу жасады.
Сократ сөзімен айтсақ: «Байлық
та, атақ та, данқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру
патшадан бақыттырақ» деп , тіршіліктің негізі – салауатты болашақ деп ақпараттық
сағатымызды аяқтаймыз.
Комментариев нет:
Отправить комментарий