Кітапхананың түнгі әлемі: кітапхана түні

Мақсаты: кітап оқуды адам өмірінің бос уақытында өзіне
серік етіп, жаңаша бағытта танымдық-интеллектуалдық бағдарламаларға
қатысып, тиімді өткізуге оқырмандарды тарту.
Акция алдында бірнеше күн бұрын афиша ілініп, қала мекемелері мен оқу орындарына бағдарламасы мен
шақыру қағазы үлестіріліп, хабарландыру жұмыстары жүргізілді.
Кітапхана түні оқырмандар мен қала қонақтарың би аланыңда
қарсы алды. Жүргізушілер келген қонақтарды «Кітапхана
түні - 2016» акциясының бағдарламасымен таныстырып, белсене қатысып,
уақыттарын қызықты өткізуге шақырды. Жиналған қауым бір уақытта бірнеше
шаралардың куәсі болды. Кітапханамыздың оқырмандар залында «Сарыарқа
кітапханасы» атты кітап көрме ұйымдастырылып, кітапханашымыз Ж.Ұзақова шолу
жасап өтті. Абонементтік залда шахмат, лото, нарды, тоғызқұмалақ ойындары
ұйымдастырылған. Жиналған қауым өз қалауларымен ұнатқан ойындарың ойнап жатты. Кітапхананың
оқу залында «Қала,есімдер», «Ойлан,тап» ойындары жүргізілсе, балалар
кітапханасында шағын мульт-театр
ұйымдастырылып, келген кішкентай бүлдіршіндерге «Ну,погоди» мультфильмін көріп қызықтап, әрі әр-түрлі
кітаптарды көрді. Кешіміз әрмен қарай, би алаңымен жалғасты. Би арасыңда
қонақтарға «Есіңде ме?», «Угадай,
мелодию», «Поле чудес» ойындары
ойнатылды. Кеш бойы қонақтар әр қатысқан ойындарына белсене қатысып, женгендері
үшін жетондар беріліп отырды. Сонымен қатар, қала қонақтары «Буфет у Бибигуль»
атты буфеттен әр-түрлі дәмнен ауыз тиіп жүрді. Кеш соңында ең көп жетон жинаған
адамды анықтай келе, екі бірдей жетон жинап шыққан екі азаматша анықталды. Женімпаздарымыз П.Абикеева пен А.Қартабаева библио-білгіш
атағына ие болды. Осы акцияны дәстүрге айналдырып, жылда тойлауға қонақтар ниеттерің
айтты.
Комментариев нет:
Отправить комментарий