пятница, 24 июня 2016 г.

Жалпықазақстандық ашық диктант «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі.

Қаражал қаласының С.Сейфуллин атыңдағы орталық кітапханасында «Этномәдени бірлестіктердің жалпымемлекеттік міндеттерді шешуге қатысуын қамтасыз ету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы бағдарламасы» іс –шаралар жоспарының 31-тармағын орындау мақсатында жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді.
Ашық диктанттың мақсаты: «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.

Ашық диктант еліміздің барлық облыстарында 2016 жылдың 18 мамырда Астана уақытымен сағат 11:00 де басталды. Диктант қазақ тілінде өткізіле отырып, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығымен келісілген мәтін ұсынылды.
Ашық диктантқа мемлекеттік мекеме қызметкерлері, мектеп ұстаздары мен оқушылары және «ТАУКЕН» коледжінің ұстаздары мен студенттері қатысты.Барлық қатысушылар саны – 72 адамды құрады. Диктант кітапхананың оқу залында өткізіліп, арнайы комиссия құрылды. Диктант мәтінің жабылған конверттен жиналған қауымның көздерінше ашылып, №1 қазақ орта мектебінің ұстазы Мергенбекова С.М. оқыды. Диктант жазушылардың 32-і үздік, 27-ы орташа алса, 13-і ынталандыру бағасын алды. Диктант ешбір қиындықсыз тыныш өтті.
Мәңгі болу – мәңгілік арман. Мәңгіге шектеме болмайтыны секілді, мәңгілік елге айналу өркениетке ілескен бұл күннің толқынында жүрген жұрттың арманы. Елдің ертеңі нұрлы болсын! Қазақ елі мәңгі болсын! Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!

Комментариев нет:

Отправить комментарий