пятница, 24 июня 2016 г.

«Табиғатты қорғау баршаның міндеті»

О, табиғат сен тіршілік тұнып тұрған,
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен ормансың, сен бұлақсың.
Адамдарға сұлулықты шын ұқтырған.
Қаражал қаласының Даңқ аллеясыңда «Табиғатты қорғау баршаның міндеті» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Ақпараттық сағаттың мақсаты: Балаларды табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға, қорғауға тәрбиелеу, экологиялық білімділік, ойлау қабілетін, сауатты сөйлеу дағдысын дамыту.
Ақпараттық сағат Жастар орталығымен бірлесе отырып, «Жасыл Ел» бағдарламасының жастарымен өткізілді. Ақпараттық сағатта адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын көптеген қоршаған табиғат жайлы мағлұматтар ала отырып, өз ойларында ортаға салып отырды. Көрікті де әсем табиғатқа арналған мақал-мәтелдерді жалғастырып отырды. Табиғаттың әсем үндесуімен балалар табиғатты аялайық, қорғайық деген ұғымға өз ойларың ашық та айқын жеткізді.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық, деп, ақапараттық сағатымызды аяқтаймыз!

Комментариев нет:

Отправить комментарий