Қаражал қаласының С.Сейфуллин
атыңдағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша, «Ақындықтың дара тұлғасы» атты әдеби
кеш өтті.
Кештің мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және
насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды
отаншылдыққа әрі өнегелдікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық
әдебиетке оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген
қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.
Қазақстанда «Бір ел – бір кітап»
акциясы 2007 жылдан бастап өткізуді дәстүрге айналдырған. Қ.Р Ұлттық
академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша ұйымдастыру
комиссиясының отырысында 2016 жыл кітабы болып Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама»
кітабы таңдалды.Осыған орай, кітапхананың оқу залында «Ақындықтың дара тұлғасы»
атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында келген оқырмандар «Бір ел – бір кітап» акциясының
тарихымен танысып,қазақ әдебиеті тарихында көрнекті тұлғалардың бірі Д.Бабатайұлының өмірбаянымен кеңінен танысты. Сарыарқадағы
ең атақты ақындардың санатына қосылып, Дулат қазақ поэзиясын мазмұн,тақын
жағынан барынша байыта түсіп, түр, көркемдік тәсілдер тұрғысынан жаңа сатыға
көтерген ақын. Жыр үлгісіндегі жазылған «Өсиетнама» кітабы әсіреқызыл
бояулардан аулақ, шынайы өмірге барынша жақын, қазақ даласыңдағы қанқұйлы
соғыстың, ерлікке толы күрестің бір үзік шежіресі деп білеміз. Әдеби кеште оқырмандар
ақынның терең мағыналы өлеңдерің, атап айтсақ, «Қайғылыны уаттым», «Кеңсбайға»,
«Сүлейменге», «Ақтанға», «Сандықтас» және т.б сүйсініп, мәнерлете оқыды. Дулат Бабатайұлына
арналған бейнебаянды тамашалай отырып,үлкен әсер алып қайтты. М.Әуезов
айтқандай: «Дулат-бар ақындық қуатын ел-жұртының санасын өлеңмен оятуға ат
салысқан тарихи тұлға» - деп, бүгінгі әдеби кешімізді аяқтаймыз.
Барша қала тұрғындарың Дулат Бабатайұлының
шығармаларын оқуға шақырамыз!






Комментариев нет:
Отправить комментарий