пятница, 8 июля 2016 г.

«Қазақстан – тірегіміз, Астана – жүрегіміз!!!»



       С. Сейфуллин атындағы орталық кітапхана мен «Нұр Отан» партиясы қалалық  филиалының ұйымдастыруымен Астананың 18-ші мерейтойына орай, «Қазақстан – тірегіміз, Астана –жүрегіміз!» атты  мерекелік   іс- шара өткізілді.  Айтулы іс-шараға  «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.
      Іс-шараның мақсаты: отан алдыңдағы жауапершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту, Қазақстанның түрлі салдағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуге ниетін қалыптастыру.
     Мерекелік шараны  «Нұр Отан» партиясының қалалық   филиалының    төрағасының  бірінші  орынбасары А. Мауленина  ашып,  кітапханадағы   оқырмандарға  қызмет көрсету  бөлімінің  меңгерушісі  Ж. Жалмағанбетова «Қазақстан – тірегіміз, Астана – жүрегіміз!» атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде, Астананың   даму тарихына ерекше тоқталды.
      Кеш соныңда жастар атынан  Ж. Балтабаева,Т. Сүйіндіков шығып өз тілектерін жеткізді.  Осы мекекелік іс-шарада  «Астана-бейбітшілік пен жасампаздық қаласы» атты  кітап көрмесі  ұйымдастырылып, кешке қатысушыларға шолу өткізілді.




   

Комментариев нет:

Отправить комментарий