Қаражал
қаласының С.Сейфуллин атыңдағы кітапханасы
өз оқырмандары үшін «Жазғы оқу залы» акциясын ұйымдастырды.
Мақсаты: жазғы және еңбек демалысы кезінде қала тұрғындарын жалпы оқуға тарту. Мұнда кез-келген адам ұсынған , кітаптармен танысып оқуларына болады.
Кітапхана
алдындағы саябақта «Әдеби орындық» атты тақырыпта, әдеби кітап көрмесі
ұйымдастырылды. Кітап көрмеде оқырмандар
қауымына кеңінен тараған жаңа кітаптар ұсынылды. Атап айтсақ: Д.Исабековтың
«Гауhар тас», Т.Кәкішұлы «Сәкен аялаған арулар», Ә.Кекілбайұлы «Азаттықтың
жолы» , Қ.Сейітұлы «Пайғамбарлар тарихы»
, К.Әмір-бек«Па,шіркін пародия!», «Жеті
жамбы», М.Құмарбекұлы «Жер иесі»,«Ақ желкеннің ұландары»,Ө.Күмісбаев«Шығыс
шайырлары»,А. Рафәт Әл-Бәшә«Табиғиндер өмірінен өнегелер», Қ.Баянбай «Ақшам»
тағы да көптеген ақын-жазушылардың туындылары ұсынылды.
Кітап көрмеге көшеде өтіп бара
жатқан қала тұрғындар мен саябақта жүрген
демалушылар және кітапхана оқырмандары келіп тамашалады. Кітапханашы
Ж.Ұзақова оқырмандарға көрмедегі
кітаптарды таныстырып ,қысқаша әр кітапқа шолу өткізді. Көптеген қала
тұрғындары белсенділік танытып , өз
ойларымен бөлісіп, ілтипаттарын танытты.






Комментариев нет:
Отправить комментарий