суббота, 30 июля 2016 г.

Ашық аспан астындағы оқу залы



Қаражал қаласының С.Сейфуллин атыңдағы кітапханасы өз оқырмандары үшін II-мәрте, «Жазғы оқу залы» акциясын қала орталығында өткізді.
Мақсаты: жазғы және еңбек демалысы кезінде қала тұрғындарын жалпы оқуға тарту.
Кітапханашылар қала орталығында «Кітап – маған тақтан да қымбат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмеге еліміздің біртуар ақын азаматтардың кітаптары қойылды. Атап айтсақ: М.Әлімбаев «Үлкендерден үйреніп», М.Мақатаев «Аманат», Р.Сейсенбаев «Көптомдық шығармалар жинағы», О. Жанайдаров «Антология современной казахстанской научной фантастики», Т. Жұртбай «Бір уыс жусан», Н.Төлепбергенұлы «Жемқордың жеткен жері», С. Мұқанов «Сұлушаш», Т. Ахметов «Детективное агентство Барс», Б. Адамбаев «Қазақ шешендері», Қ. Аман «Соғыстан соңғы сергелдең», Т. Фроловская «Житие Льва и Бориса», Ә. Қайран «Наркескен», Б. Кәрібаев «Қазақ хандығының құрылу тарихы» атты әр-түрлі кітаптар халық назарына ұсынылды.  Кітап көрмеге қала тұрғындары өз қалауларымен келіп, журектеріне жақын болған кітаптарды қарап, оқып өз ризашылықтарың айтып, дән риза болды. 
Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
                                 Береді білім нәрін кітап көптеп  – деп, әрбір оқырманымызға кітап оқуға кеңес бере отырып, кітапханамызға шақырамыз!


Комментариев нет:

Отправить комментарий