суббота, 27 августа 2016 г.

«Ата заң - ел тірегі»



       2016 жылдың 26 тамызында Қаражал қаласының С.Сейфуллин атындағы кітапханасы Конституция күніне орай «Нұр Отан» мекемесінде «Жас Отан» мекемесімен бірлесе отырып, «Ата заң – ел тірегі» атты ақпараттық сағат  өткізілді. Ақпараттық сағатқа қала жастары  мен мекеме қызметкерлері қатысты.
        Кеш мақсаты : Жастарды Тәуелсіз Қазақ елінің Ата Заңын қадірлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.
       Алғы сөзді «Нұр Отан» - партиясының қалалық   филиалының    төрағасының  бірінші  орынбасары А. Мауленина бастап, сөз сөйлеп қонақтарды келе жатқан Конституция күнімен құттықтап ,  баяндама оқыды, кезекті  кітапханашы Ж. Жамановаға берді. Ол өзінің дайындаған  «Ата заң – ел тірегі» - атты баяндамасын оқыды. Баяндамада:  Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдағанын айтты. Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы,- деп баяндамасын аяқтады. Сонымен қатар, кітапханашы Ж.Ұзақова «Ата Заңымыз – абырой, дәстүр, арымыз!» атты кітап көрмеге шолу өткізді. Келесі кезекті «Жас Отан» мекемесінің басшысы: С. Токабаева  өзінің дайындаған баяндамасын оқып одан әрі  «Нұр Отан» басшысы: Айгүл Куловна қала жастарына дайындаған сыйлықтарын тарту етті.    «Нұр Отан»  қызметкері-  Жалғас Елгелдіұлы Конституция күніне жазған арнауын мәнерлете оқып, әрбір қатысқан азаматтардың көңілдерінен шығып, үлкен ықыласқа бөленді. Кеш соңында жиналған қауым флэш- моб биімен аяқтап, өз ризашылықтарын білдірді.





Комментариев нет:

Отправить комментарий