Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай кітапханамызда «Ата Заңымыз - абырой, дәстүр, арымыз!» атты
кітап көрме ұйымдастырылды. Ата –бабаларымыз сан
ғасыр арман еткен Егемендігімізге қол
жеткізіп, бүгінде өзіміздің Ата заңымыз бар, бізді яғни жас ұрпақты бақытты деп
айтсақ болады. Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғарғы заңдық күші
бар құжат. Кітап көрмеде оқырмандарға мемлекет пен құқықтың даму тарихын,
бостандық пен әділдіктің, заң мен заңдылықтың, қоғамдық және мемлекеттік
құрылыстың, адамдардың құқығы мен бостандығын, билік пен жеке адамдардың өзара
қарым-қатынасы мен олардың формалары мен қағидалары туралы кітаптар қойылды.
Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығы ,ережелер,оған кіретін баптар және кодекстар
,академик С.З.Зиманов «Қазақтың ата заңдары» 1-ші,2-ші том,С.Өзбекұлы
«Қазақстанның саяси-құқықтық ой-пікір тарихының өзекті мәселелері», Р.Дж.Винсент «Адам құқықтары және халықаралық
қатынастар» тағыда басқас кітаптар енгізілді. Халқымызға дұрыс бағыт беретін
ата заңымыз мәңгілік жасасын деп тілейміз.
Комментариев нет:
Отправить комментарий