Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Қоғам
қайраткері Қазақ мемлекеттілігін нығайтуға сүбелі үлес қосқан. «Кеңес Одағы
кезеңінен бүгінге шейін елге қызмет етіп келеді. Ол - қазіргі зиялы қауымның
көрнекті өкілі», - деді президент. "Семей-Невада" қоғалысын бастап,
Мемлекет басшысымен бірге ядролық полигонды жабуға ат салысып, ар намыстың
бірегей үлгісін паш етті.
Нұрсұлтан
НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ өз сөзінде: «Бүкіл халқымыз,
БАҚ Олжас Омарұлының 80 жасқа келуіне байланысты мерейтойымен құттықтап жатыр.
Мен де қуаныштымын. Себебі, біз екеуміз бір заманның адамымыз. Зиялы қауым
деген халықтың түсінігінде әр уақытта білімді, білгір, тәжірибелі, халқының
алдында жүретін, халқын бастайтын адамдар саналады. Елдің бірлігін, мемлекеттің
мықтылығын сақтайды. Сондай зиялы интелигенттің бірі өзіңсің. «Ядролық қаруды
не істейміз?» деп тұрғанда, Москвадағы генералдардың барлығы бізге қарсы болған
кезде "Невада-Семей" қозғалысын бастап, сол ядролық полигонды жабуға
көмек жасадың. Сондықтан барлық зиялы қауымға жастарға үлгі болып келесің.
Нұрсұлтан Назарбаев отандық әдебиетті дамытуға айрықша үлес қосқаны үшін,
татулық пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі
үшін Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» Алтын жұлдызын тапсырды.
Мемлекет басшысы ақынға мықты денсаулық пен шығармашылық табыс тіледі.»
Олжас Сүлейменов батыл әрекеттер адамы. Қазақ халқының
дәреже-мерейін, мәртебесін жоғары көрсетіп, халқымыздың ерекше алғысына бөленіп
жүр. Бұл халқымызға адал қызмет етудің айғағы! Біздің зор мақтанышымыз, бетке
ұстарымыз. Біздің қазақ ұлы, ақынымыз, әдеби, қоғамдық, тарихи елшіміз – Олжас
аға!
Бүкіл жұмыр жерге ортақ перзент, дей келе, С.Сейфуллин
атыңдағы кітапхана ұжымы да қалыс қалмай «Человек решительных действий» атты виртуалды
көрме оқырмандар назарына ұсынылды. Олжас Омарұлына сарқылмас төзім, қажымас
қайрат пен зор денсаулық тілейді.
Комментариев нет:
Отправить комментарий