вторник, 9 августа 2016 г.

« Жаз, кітап, мен»



        
Қаражал  қаласының С.Сейфуллин  атындағы  кітапханасы  сіздердің  назарларыңызға  кітап оқуға кеңес береді. «Лето,книга,я » атты  тақырыпта қазақша, орызша әдеби кітаптар ұсынылып  кітап көрме ұйымдастыруда. Кітап – өмірлік ұстаз және әркімнің өмірін өзгерте алады. Ешкім кітап оқудың гиганты емес, бірақ әрбір адам кітапты ұқыпты әрі бар ынтасымен оқуы тиіс. Кітап оқуға ыңғайлы уақытыңызды табыңыз, өзіңіздің  күн сайын сол уақытта бір жарты сағат кітап оқуға машықтаныңыз. Жарты жолда шаршап, тастап кетпейтіндей… Бірінші, өзіңізге қызықты бір кітап алып асықпай оқып шығыңыз,біраз уақыттан кейін тағы бір кітап алыңыз,өзіңізде қандай қызыққа кіріп кеткеніңізді де сезбейсіз. Кітап оқуды мақсат еткен адамдар, неше түрлі әдебиетті талғамай жұта берсе керек. Дегенмен, ол саналы әрі ойлы, “ләззат сыйлайтын” оқу еді. Ал қазір кітап оқуға уақыт табу үшін тәуліктегі жиырма төрт сағаттың өзі аздық ететіндей.Сіздердің назарларыңызға кітапханамыздағы әр түрлі жанрда жазылған поэзиялық, классикалық, қызықты детективтер, қиял-ғажайыптар, кітаптарына шағын саяхат ұсынуда.Қазіргі таңда бақытты от басын құру мәселесі оңай емес, тіршіліктің шым-шытырық бұралаңдарынан адаспай өтіп  өз жұбыңды табу,тағдырыңды тапсырған  адаммен тіл табысу тек иман мен  төзімнің, ақыл мен сабырдың арқасында ғана мүмкін, осыған орай  ерлі-зайыпты журналистерМ.Тоқашбаев,Р.Каршалова«Бақыттың кілті» атты кітабын тамашалауға ұсынамыз,С.Хангелдин «Керуен»атты кітабында ақын тұңғыш қалам ұстаған сонау шұғылалы студент шағынан бастап, кейінгі жылдарға дейін әр кезде жазған әңгіме,очерк, өлеңдерімен қатар мақала,зерттеулері де енгізіліп отыр,журналист  Г.Бектас «Ақиқатын айтқанда»бұл еңбегінде қазақтыңқабырғалы  қаламгерлерімен болған сыр-сұқпаттары топтастырылған, онда ұлттық идея,ұлттық құндылықтар,қазақ әдебиетінің мәселелері туралы да ұлт зиялыларының ойлары ашық айтылған.Г.Князев «Живое слово»  кітабы классикалық  әдебиетші  Леонид  Давыдович Фонаревтың  рухына арналады,О.Сулейменовтың 80 жылдығына орай дайындалған «Шығармалар жинағы» ,«Собрание сочинений» интеллектуалды  оқырмандарға ,ұлы Сөз бен ақиқат  Поэзияның қадірін білетіндерге арналған  5-томдық кітабы жарыққа шықты.Тұтас бір тарихи-әдеби дәуірдің идеялық-көркемдік бейнесін жан-жақты сомдаған  рухани  құндылығымыз жайлы  халық жазушымыз Ф.Оңғарсынованың 12-томдық Толық шығармалар жинағы жарыққа шықты,Э.Орманова «Ұлы той» бұл жинағына Тәуелсіздік еліміздің тыныс-тіршілігі, еңбек адамдарының жасампаз еңбегі жайлы өлең – жырлары публицистикалық толғаныстары еніп, автор  туындыларына ел азаматтарының егемендігімізді баянды ету жолындағы қажыр қайраты,отансүйгіштігі туралы жазылған,сонымен қатар Ә.Тойғанбек «Қайран елім», Д.Ислам «Сырлытас»,Ғ.Ахметчин «Күндіз жұлдыз көрінсе» тағыда көптеген әдеби кітаптарды оқып тамашалай аласыздар.

Комментариев нет:

Отправить комментарий