Сүт пен жұмыртқаны сақтау Сүт пен
сүт өнімдері және жұмыртқа тоңазытқышта сақталатыны анық. Бірақ ондағы
температура 3-6 градустан аспауы тиіс.
Тоңазытқыштардың бәрінде жұмыртқа салуға
арналған ұяшықтар бар. Егер оған жұмыртқа сыймай жатса, бір ыдысқа салып,
тоңазытқыштың ортаңғы сөресіне қойыңыз. Мұздатқышқа жақын қойылған жұмыртқа мен
сүт өнімдерінің сапасы төмендейді.-Салмақ тастау Біз түскі ас кезінде тоя тамақтанып аламыз да соңынан қант
қосылған шәй және оған қоса тәттілер жеуді әдетке айналдырғалы қашан.
Ауқаттанып алған соң сәл мызғып алғанды да тәуір көреміз. Міне, осының
нәтижесінде артық салмақ қоса бастаймыз.-Артық салмақ қоспас үшін тамақтанғаннан кейінгі тәтті шәйдің орнына шатыраш (шалфей) пен жалбыз емдік шөптерінен сусын дайындап ішіңіз. Шөптерді фарфор немесе эмаль ыдысқа салып, үстіне қайнаған су құйып, 15-20 минуттай тұндыра тұру керек. Сондай-ақ, бұл сусын ағзадағы заттардың алмасуын жақсартып, денедегі шлактардың сыртқа шығуына септігін тигізеді.
-Сүрме кеуіп қалса...
Нәзік жандылардың ішінде сүрмені (тушь) пайдаланбайтындар кемде-кем шығар. Ал кейбір сүрмелер шамалы пайдаланғаннан кейін кеуіп қалып жатады. Оны қалпына келтіру үшін бір стақан ыстық суға сүрменің 1/3 бөлігін батырып қою керек. 1-2 минуттан соң сүрмені бұрынғыдай пайдалана беруіңізге болады.
-Аяқ киімді күту Егер аяқ киім астарының бояуы шұлыққа жұғатын болса, астарды спиртке малынған мақтамен бірнеше қайтара сүртіп алу қажет.
-Егер жаңадан алған туфли аяқты қажап жүрсе, сол жерді сабынмен немесе спиртпен сүртіп жұмсартуға болады. Сірке суының пайдасы Мұздатқыштағы қатып тұрған етті алып жібіттік делік. Бірақ белгілі бір себеппен еттен тамақ жасамайтын болдыңыз. Оны қайтадан мұздатқышқа салмай-ақ, сол күйінде сақтауға болады. Ол үшін дәкеге уксус ерітіндісін сіңіріп, сонымен етті түгелдей орап, тәрелкеге салады да тоңазытқышқа қояды. Осылайша етті бір аптаға дейін жас күйінде сақтауға болады.
-Тәтті мен дәрі Қара бұрыштың бағы жанып тұр. Оның қышқылдау тәтті дәмі дәмі тағамдарымыздың көбінде-ақ бар. Тропикалық аймақтарда өсетін бұрыштың гүлі қан айналымын жақсартады, асты жақсы қорытуға сеп, тәбет шақырады, бактерияларға қарсы күресе алады, ауырсыну сездірмейді. Оның майы тістің қақсауын басуға бірден бір сеп.
Комментариев нет:
Отправить комментарий