четверг, 20 октября 2016 г.

Үй күтіміне арналған пайдалы кеңестер



- Майлы бояумен сырланған есіктер мен терезе жақтаулары 1 л суға 1 шай қасық мүсәтір спирті қосылған жылы сумен сабындамай жуылады.
-Терезе жақтауларын қысқа жылылау үшін саңылауларға шприцпен сұйық парафин қйыңыз. Парафин мен шприц ыстық суда қыздырылады.
- Терезедегі қырауды кетіру үшін 1 стакан суға 2 ас қасық ас тұзы салынған ерітіндімен жуыңыз.

- Терезеге қырау тұрмас үшін шынысын глицерин мен спирт ерітіндісімен (1:10) сүртіп қойыңыз.
- Қатты кірлеген терезе шынысын жууға арналған ерітінділер: 1 л суға 1 ас қасық крахмал; 1 л жылы суға 2 ас қасық сіркесу; 1:10 мүсәтір спирті мен бор қосылған су. Жуғаннан кейін жұмсақ шүберекпен құрғатылып, қағазбен сүртіледі.

- Шыны сүртілгеннен кейін 30 г су, 70 г глицерин және бірнеше тамшы мүсәтір спирті ерітіндісімен сүртіліп алынса, ұзақ уақыт кірлемейді.
- Терезені ыстық немесе жел күндері жумаңыз, шынысы тез кеуіп, айғыз болып қалады.
- Ағаш еденді жуғанда суға сіркесу қосып жіберсеңіз, жылтырап тұрады.
- Сырланбаған ағаш еденді 3 бөлік құм мен 1 бөлік ізбес қоспасымен ағартуға болады.  Линолеум еденді кір жуатын ұнтақпенн, ыстық сумен жумаңыз.
- Сабынды су ерітіндісімен жуу керек.
-Үш айда бір рет линолеумге олифа жағып, жұмсақ шүберекпен сүртіп алып отырыңыз.
- Линолеумдегі майлы дақтарды бензинмен немесе скипидармен кетіреді.
- Паркет едендегі май дағына кір жуатын ұнтақты ылғалдап жағып қояды да, жарты күннен кейін ысқылап тазалап тастайды.
- Битум негізіне салынған паркетті скипидар мастикасымен сүртпеңіз, қарайып кетеді. Ол үшін су мастикалырын қолданыңыз.
-Майлы бояумен салынған картиналарды сүтпен немесе жарты пияз бөлігімен сүртіп алып, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
- Картиналардың алтындалған рамасын пиязбен сүртіп, жұмсақ шүберекпен ысқылап жылтыратуға болады.
- Жиһазды кір жуатын ұнтақ ерітіндісімен жумаңыз. Сабын ерітіндісі қолданылады.
-Жұмсақ жиһаздың шаңын ылғал жайма арқылы қағып алыңыз.
- Жиһаздың металл фурнитуасын түссіз лакпен лактап қойыңыз.
- Былғарымен тысталған жиһазды бензинмен тазалап, жұмыртқаның сары уызымен сүртіп қояды. Немесе бірнеше тамшы сікесу қосылған сумен сүртеді.
- Үстел татпалары ауыр қозғалса, жылжытқыш бөлігіне парафин немесе сабын жағып қойыңыз.
- Ауыр жихазды жылжытарда астына жүн мата салып жіберсеңіз, еденді сызбайды.
- Ас үй табуреткаларының аяқтарының астына резеңке таған қағып қойыңыз.
- Сервант қақпақтарының шынылары ауыр қозғалса, жылжыту ойығын вазелинмен майлап жіберіңіз.
- Ағаш керует сықырламас үшін, жалғастыру жіктерін матамен қаптаңыз.
-Лакталған жиһаздағы майлы дақты өсімдік майымен сүртіп, 2-3 сағаттан кейін ысқылап тазартуға болады.
-Жихаздағы көгерген дақтарды бензинмен кетіреді.
-Лакталған жиһаз бетіндегі сулы стакандардан қалған ізді грек жаңғағы оңай кетіреді.
- Лакталған жиһаздағы су іздерін ұнмен сүртіп, жұмсақ шүберекті өсімдік майына батырып алып, жылтыратуға болады.
- Жихаз ылғалдан ісініп кетсе, бізбен тесіп, шприц көмегімен желім құйыңыз да, қалың қағаз арқылы үтіктеп жіберіңіз.
- Қоңырқай жихаздардағы сызылған іздерді аяқ киім кремімен кетіруге болады.
- Жихаздағы жарылған сызаттарды балауыздың көмегімен білдірмей жасырып қоюға болады.
-Емен, жаңғақ, қызыл ағаш жиһаздарындағы сызаттарды йод жағу арқылы жасырып қояды.
- Металл бетті сырлар алдында, сіркесумен сүртіп алсаңыз, бояу жақсы қонады.
- Керует торы созылып кетсе, серіппелерін әр жерінен сым сақиналармен тартып қойыңыз.
- Пүлішпен қапталған жиһазды шаңсорғышпен тазаламайды, түгінің бағытымен ылғал шүберекпен сүртіп алады.
- Жаңа сыпырғышты екі сағаттай тұзды ыстық суға салып қойса, ұзақ уақыт қызмет етеді. Оның сабына элластикалық бинт кигізіп қойыңыз.
- Шөткенің қылдары түсе бастаса, түбіне "Момент" желімін тамызып жіберіңіз.    -Жуылатын тұсқағаздарды ылғал губкамен сүртіп алады.
-Ваннадағы айна терлемес үшін 50 мг суға 1 ас қасық желатин қосылған ерітіндімен сүртіп алыңыз.
- Сабын қалдықтарын 1 л банкаға жинап, 1 ас қасық ас содасын салып, ыстық суға езіп қойсаңыз, ванна тазалайтын паста аласыз.
- Жылу батареяларының арасын тазалау үшін шаңсорғышқа ыдыс жуатын ершикті жалғап алыңыз.
- Шаңсорғыш сүзгіші таза болуы үшін, қағаз майлық салып жіберіңіз.
- Люстраны жуарда астына су құйылған леген қойып қойыңыз. Егер шамдалдың бір бөлігі байқамай құлап кетсе, суға түсіп, сынбайды.
- Кілем үстіне кешкілікте ұсақ тұз сеуіп тастап, ертеңіне ылғал шүберекпен сүртіп алсаңыз, түсі ашыла түседі.
- Сіркесу қосылған сумға батырылған шүберекпен кілемді тазаласаңыз, түсі ашыла түседі.
- Кілем түгі майысып, із қалып ойса, сол жерді қатты булап, сыртынан үтікпен кептіріңіз. • Перделерде әдемі ірі бүктемелер болу үшін ені терезе енінен бір жарым есе үлкен болуы керек.
- Карниз бөлмен енімен бірдей болса, терезе кеңірек көрінеді.
- Айнаны адам біркелкі жарықтанатын жерге ілу керек. Айнаға үнемі тікелей күн көзі түсетін болса, күңгірттеніп кетеді.
- Айнаны терезе шынысын тазалайтын әдіспен тазалайды. Айнаны ылғал жерден аулақ ұстаңыз.
- Кілем шеттеріне астынан БФ-6 желімімен ені 20 мм таспа жапсырып қойсаңыз, шеттері түтілмейді және қайырылып кетпейді.


Комментариев нет:

Отправить комментарий