четверг, 27 октября 2016 г.

Тәуелсіз Ел - Қазағым...



Тәуелсіз боп артты халқым сенімі,
Мұз боп қатқан қайғы мұңым еріді,
Ақ шыңдары-тауларымның биіктеп,
Кең тыныстап Ұлы Далам кеңіді.
Жер бетіне қайта шықты алтыны,
Көлдерімде жүзді Аққу,қалқыды.
Толқын атып,дарияларым тасыды,
Тау өзені,Ақ бұлақтар шалқыды.
Сыртқа көшіп талай әулет ел қалды,
Аңыраған ата-қоныс жер қалды,
Жусан иісі жүрегімді толқытты,
ИСІ ҚАЗАҚ ИГІЛІГІН енді алды!

Тіршілікке бас  бас көтерді жан-жағым,
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ! Басталды енді Арманым,
Ер-тоқымды атқа қонды тұлпарлар.
КҮЛЛІ ӘЛЕМДІК ЖҮК КӨТЕРДІ НАРЛАРЫМ!!!
ТӘУЕЛСІЗДІК жетті бізге бесінде
АЙЫМ ТУДЫ,
ЖҰЛДЫЗ жанған кешінде,
АЛМАТЫДА атқа қонды АБЫЛАЙ,
КЕҢЕСАРЫ атқа қонды ЕСІЛДЕ!
Мен-Ақынмын!Үлесім бар менің де,
ТӘУЕЛСІЗДІК орнағаны Елімде,
ТӨЛЕ  БИ мен
ҚАЗБЕК  Би
ӘЙТЕКЕ,
ҮШ  БИ отыр АСТАНАМНЫҢ ТӨРІНДЕ!
Өлеңімен айтып өткен Арманын,
Халқым үшін тартса дағы сан зарын,
Сан қаламгер-тәуелсіздік құрбаны,
Қайта оянып тірілгендей МАҒЖАНЫМ!
Тартса тағдыр тауқыметті азабын,
Сонда дағы көрдік өмір ғажабын,
Бәріне де ТӘУБЕ БҮГІН,ШҮКІР деп,
МАЙДАН САЛАР ЕЛДІГІ ҮШІН
                                               ҚАЗАҒЫМ!
Халқым айтқан:ЖЕР КӨТЕРЕР ЕР ДАҢҚЫН,
Елім айтқан:ЕР КӨТЕРЕР ЖЕР ДАҢҚЫН,
ПРЕЗИДЕНТІМ-
АМАН БОЛҒАЙ ЕЛБАСЫ,
МӘҢГІ ЖАСА!
МӘҢГІ ЖАСА ЕЛ-ХАЛҚЫМ!!!
ТАУЫМ БАР,
Таңыратқан Шыңымен,
ҰЛ-ҚЫЗЫНДАЙ ДАЛАМЫЗ БАР-
ҰЛЫ КЕҢ,
Алдарыңда басымды иіп ЕЛ-ХАЛҚЫМ,
ҚҰТТЫҚТАЙМЫН
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН!!!
Автор:Шөмішбай Сариев

Комментариев нет:

Отправить комментарий