суббота, 29 октября 2016 г.

Өз туым



Бұлтсыз ашық аспанымдай көк туым
Ту төрінен елге нұрын төкті күн.
Ту төбемде  қалықтады қырандай,
Қуанбаған бір де қазақ жоқ бүгін.
Көз тартады тудан ұлттық  өрнегім,
Өнерім ,ой, өлеңім ғой ол менің.
Осы емес пе ашылғаны бағымның,
Өшкен жанып,тірілгені өлгенім.
Қандай бақыт өз туымды көргенім,
Көрмей кетті қанша  сарбаз ерлерім.
Шат боп тұрып соларды ойлап қамықтым,
Осы жолда төккен қан мен терлерін.
Тоймас көзім өз туыма қараудан,
Көтеруден талмас  әсте білегім.

Кірлетпейміз сені әсте көнертіп,
Ием бар де жауға бермей өлер тік.
Жаса мәңгі өз көгімде  өз туым,
Желбірей бер көсегемді көгертіп!
           Ордабасы
Армысың қасиетті Ордабасы,
Қазақтың хан көтерген зор даласы,
Әйтеке,Қазыбек,Төле билік құрып,
Құт мекен үш жүзге ұйтқы болған осы.
Үш бидің шек келтірмей сеніміне,
Тәуелсіз болды қазақ елі міне.
Нұрсұлтан үш президент басын қосып,
Тілектес көрсетті үлгі серігіне.
Достасып елдермен тең тересесі,
Бір толды Ордасы кенересі.
Қазақтың жаса тұңғыш президенті!
Атадан асып туған деген осы.

Комментариев нет:

Отправить комментарий