Тәуелсіздік-деген ұлы сезімім,
Алла берген аманат.
Мен бір сонау әпкелердің көзімін,
Жүрер ме екен жазалап.
Менің үшін,балам үшін күрескен,
Егемен ел ертеңіне ілескем,
Мұнша бақты көтеріп!
Қара жерге жас тәнімен құлаған,
«Қазақпын» деп жазығы.
Желтоқсанның жерін жұтып жылаған,
Құлағымда наз үні.
Аппақ таңның алақаны оятар,
Бал өмірім-жанымда.
Қиялымның тал шыбығы бүр атар,
...парызым бар-арымда...
Ол борышым өтелер ме өлмесем,
Бос сермемей қаламды.
Жатырымнан шыққан ұлым бүлінбей,
Тектілігін сақтаса.
Туған елдің бейнетіне бүгілмей,
«Абай жолын» жаттаса!
Азат таңның білсе екен қадірін,
Несібінен жиренбей.
Бабалардың рухын сыйла Жарығым,
«Қазақпын» де именбей !
Отаныңның әр бір гүлін аяла,
Ұлтыңнан ал-жар қылып.
Азат күннің әр бір таңын бағала,
Аманат бұл мәңгілік.
Алтын көріп ар жолынан жаңылма,
Ана тілің-ұятың.
Жүректегі иманыңа дамылда,
Ізгілік нүр сиятын.
Қарыздармыз сол бір қатал ғасырға,
Қанша жасты жалмады.
Адал болсаң ақиқатты жасырма,
Бұл солардың арманы.
Балапаным,
Жақсылығын әкелсін жаңа таңың.
Күн иіскейді шашыңнан сезесің бе,
Отаныңның аялы алақанын.
Гүл –жүрегім,
Періште боп көзімде үлбіредің.
Апыл-тапыл басқанша аяғыңды,
Құшағымда ойнатып,күлдіремін.
Тіршілігім,
Жаратқанға бітпесін құлшылығың.
Отан –Ана тербейді шуағымен,
Бақытыңның қадірін білші,күнім.
Өз елің бар,
Топырағында аунайтын өз жерің бар.
Қазақстан дейтұғын даламызда,
Міңгілікке қалатын іздерің бар.
Ұғын, күнім,
Жалғандыққа ар беріп жүгінбедім.
Отаныңа жасама –опасыздық,
Саған айтар аналық сырым менің.
Ержетерсің,
Жүрегімнің үнімен бір ме екенсің?
Хақ-Аллаh ғұмырыңды бере көрсе,
Жаныңды иманменен гүлдетерсің.
Аманатым,
Көңілімнен көркем ой тарататын.
Атаң бар қаны сіңген қара жерге,
Естілмесін ешқашан жаман атаң!
Төмендеме!
Жанбай жатып, өшемін, сөнем деме!
Көпке қарай жығылып,тығылам деп,
Намысыңның тізгінін жүгендеме!
Ойдың да орманы бар,
Уақыттың шындығы мен жалғаны бар.
Жеріңнің әрбір гүлін аялап өс,
Тамырында бабаңның арманы бар.
Жетеледім,
Бір сен үшін еңсемді көтеремін!
Отаныңа тамшыдай еңбек етсең,
Анаңның адал сүтін өтегенің!
Автор:Динара Мәлік




Комментариев нет:
Отправить комментарий