пятница, 7 октября 2016 г.

Тәуелсіздік туралы жырлар


Тәуелсіздік,нұрың қандай кіршіксіз,
Сен-бәйтерек, біз – көктейтін бүршікпіз.
Азаттығым арманы еді бабамның,
Аманаты орындалды мүлтіксіз.
Еске, аламын Хан Кененің жорығын,
Өтті-ау бастан азап,зарға толы күн.
Тәуелсіздік-күресінің өтеуі
Ұрпақтардың сан ғасырлық жолының.
Жанарымда жатушы еді мұң бұғып,
Бағым байлап,сағымды да сындырып.
О,азаттық,пешенемді ашыпсың,
Өмірдегі сенсің ұлы құндылық!
Дербес дамып,
Дағдарысқа дес бермей,
Нық қадаммен бастық алға сескенбей.
Іргелі елдер бірге бол деп, қуаттап,
Қазағымның мәртебесі өскендей.
Көш басында Нұрағаңдай кемеңгер,
Тындырғанын артық, кем де демеңдер.
Қазақстан назарында әлемнің,
Жас болса да жер жаhанға беделді ел.
Өтер бастан небір сындар,сынақтар,
Елбасының әр сөзіне құлақ сал.
Қол бұлғайды биік-биік межелер,
Шақырады алға асқақ мұраттар.
Кереметтей кеңістіктер ашылып,
Тәуелсіздік нұры тұрды шашылып.
Тәубемізді ұмытпайық,жамағат,
Өксіп-ек қой өзгелерге бас ұрып.
Сыпырды да  бодандықтың көгенін,
Өрге басты өз елім деп өренің.
Зарықтырып барып қонған қолыма,
Бақыт құсы-Тәуелсіздік дегенің!
Болат Үсенбаев

Комментариев нет:

Отправить комментарий