среда, 23 ноября 2016 г.

"Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз"



«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»
С.Сейфуллин атындағы кітапханада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына «25 жұлдызды күн» акция аясында  «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Кешке «Тау-кен» техникалық колледжінің ұстаздарымен студенттері қатысты.
Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосуды, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға, патриоттық сезімдерін ояту.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бүгінгі әдеби кеште «Тау-кен» техникалық колледжінің студенттері мәнерлетіп өлеңдер шумақтарын оқыды. Қарағанды облыстық Ж.Бектұров атындағы кітапханасы Тәуелсіздіктің 25-жылдығына интернет-фестиваль ұйымдастырған болатын, соған орай Қаражал қаласының жастарлары да қалыс қалмай қатысқан болатын, солардың арнайы бейнежазбаларын мақтаныш сезіммен тамашалап, алдағы интернет-фестивальда сәттілік пен жеңіс тіледік. Кітапханашы Ж.Ұзақова «Әлем таныған Қазақстан» атты кітап көрмеге шолу өткізіп, Тәуелсіздігіміздің 25-жыл ішінде қандай нәтижелерге қол жеткізгендігі жайлы толық ашып айтты. Келген оқырман қауымына «Тәуелсіз Қазақстан» атты биллютеньдер таратылды.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп, әдеби кешімізді аяқтаймыз!

Комментариев нет:

Отправить комментарий