четверг, 26 января 2017 г.

16 Желтоқсан-Тәуелсіздік күні


Жақсы көрсе жарықты,
Еске ұстасын кім-кімде:
Қазақ деген халықтың,
Бақыты тұр бұл күнде.
Жерде жыртты, мал бақты,
Өтіп жатты жыл небір.
Аталардың ардақты,
Арманы тұр күнде бұл.
Елдің билік шоқтығы,
Биік абырой,бедел де.
Бостандықтың көк туы,
Желбірейді төбемде.
Аялайды туымды,
Қуаныштың үні кеп.
Ардақтаймыз бұл күнді,
Тәуелсіздік күні деп.

Комментариев нет:

Отправить комментарий