вторник, 7 марта 2017 г.

Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз



Жер дүниені жасандырып, шырайлы шуағы мол көктеммен қоса келетін мерейлі мерекеміз 8 наурыз-Халқаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отыра С.Сейфуллин атындағы кітапханамызда  «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» атты кітап көрме ұйымдастыруда.Көрмеде  «Қазақстан әйелдері» журналдары  қойылды.Әрдайым әйел азаматшалардың   қоғамдық жұмыстарда белсене қатысуы , мемлекетімізді  дәрменді күшейтуге атсалысу туралы жазылған . Тіршіліктің тұтқасы - ана дейміз.«Дүниеде үш нұр бар: бірінші күннің нұры, екінші ақылдың нұры,үшінші ананың нұры» деп дана халқымыз айтқандай, қоғамдағы  ізгілік атаулының  ұйтқысы да, құт-берекенің бастауы да аналар деп білеміз.Мерекелеріңізбен құттықтай отыра дендеріңізге саулық, қажырлы күш, отбасыларыңызға амандық пен бақыт тілей отыра кітап көрмемізді тамашалауға  шақырамыз..

Комментариев нет:

Отправить комментарий