суббота, 27 мая 2017 г.

1-наурыз-Алғыс айту күні

    
Көктемнің алғашқы күнімен қазақ елінің күнтізбесіне тағы бір мереке қосылды. Елбасы Жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды. Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келген бұл мереке түрлі тарихи себептермен Қазақ топырағына табан тіреген этностарды «Мәңгілік ел» идеясы төңірегіне топтастырды .
Осы мерекеге орай С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханамызда «Рахмет саған -  Отаным!» және «Рахмет саған Оқырман!» атты кітап көрмелер ұйымдастырылды
        
  Кітап көрменің мақсаты: Өз Отанына сүйіспеншіліктерін және патриоттық сезімдерін жоғары ұстау.  Кітап көрмеде «Мәңгілік ел» «Қазақстан қарашаңырағым» «Еуразия жүрегінде» «Ерлікті сүйген ел нұрлы» және Невада-Семей халықаралық қозғалысының Семейдегі ядролық сынақ полигонын жабу жөніндегі шеру, тағы көптеген  кітаптар қойылды. Елімізге шексіз еңбек сіңірген елбасымызға , өткен ата-бабаларымызға , қазіргі қалың елімізге ,  барлық игі істерге рахмет айта отыра, бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір- біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі  деп атауға болады.



Комментариев нет:

Отправить комментарий