
С.Сейфуллин атындағы кітапханада Саяси қуғын-сүргін құрбандары күніне орай «Зұлмат жылдар қасіреті ешқашан ұмытылмайды» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрменің мақсаты - қазақ халқының тарихындағы
қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының
зиялылары туралы оқырмандарға мағлұмат беру, олардың есімдерін
құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу. Ата-бабаларымыздың рухына
тағзым ету.
Көрмеде Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы, қазақ халқының саяси репрессиясы жайлы, сан қилы қиындықтарды
бастан өткергенін, қазақ зиялыларының басынан кешкен қиын жағдайлары туралы кітапхана қорындағы кітаптармен танысып, оқып
білулеріңізге болады. Кітап көрме оқырмандар назарына ұсынылып, кітапханашы
Ж.Ұзақова келген оқырмандарға шолу өткізеді.
Комментариев нет:
Отправить комментарий