«Биылғы жылы әдебиет әлемі көптеген
мерейтойларға толы. Атап айтсақ 2018 жылы «Қазақ
халқының ұлы көсемі- Ахмет Байтұрсыновқа 145 жыл», «Жыр сұлтаны-Сұлтанмахмұт
Торайғыровқа-125 жыл», «Терең ойлы сөз маржаны - Мағжан Жұмабаевқа 125 жыл»,
«Қазақ даласының ұлы - Қалижан Бекхожинге 105 жыл», «Көркем сөздің тарланы –
Тәкен Әлімқұловқа-100 жыл», «Әдебиет әлеміндегі шырақ сәуле-Тахауи Ахтановқа 95
жыл», «Балалар ақыны – Музафар Әлімбаевқа 95 жыл», «Алаштың ақиық ақыны - Ғафу
Қайырбековке 90 жыл», «Аңыз адам – Шыңғыс Айтыматовқа 90 жыл», «Қазынасын
тапқан қаламгер – Әкім Тарази 85 жыл», «Қазақ прозасының мұзтауы – Оралхан
Бөкейге - 75 жыл». Қаражал қалалық орталықтандырылған С.Сейфуллин атындағы
кітапханасында ақын-жазушылардың мерейтойларына арналып жыл бойы іс–шаралар
өткізеді. Іс-шаралардың бастамасы «Әдебиет күнтізбесі - 2018 » дәстүрлі кітап
көрмесінен басталды. Мақсаты: Қазақтың ақын- жазушыларының көркем әдебиет
саласына қосқан үлестері жайлы насихаттау. Кітап көрме жыл бойы
сақталып, жаңадан түскен кітаптармен толықтырылады.
Құрметті әдебиет
сүйер қауым!
Сіздер үшін
ұйымдастырылған «Әдебиет күнтізбесі - 2018» кітап көрмесін
тамашалауға шақырамыз. 




Комментариев нет:
Отправить комментарий