четверг, 25 января 2018 г.

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының талқыланды.



«Төртінші  өнеркәсіптік революция  жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының талқыланды.
              Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жыл сайынғы Жолдауын тағатсыздана күтетін жағдайға жеттік.Өйткені Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған әр Жолдауында  жарқын болашақтың боямсыз келбеті, ақиқат қоғамының алғышарттары бар.Жаңа жылдың алғашқы күніндерінде жарияланған «Төртіші  өнеркәсіптік революция  жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты биылғы  Жолдауында да үйдей үміттерге қозғау салып, сенімімізді серпілтті.

Биылғы жолдау – Елбасының  2050  стратегиясын жүзеге асырудың нақты жолдары және әлемде жүріп жатқан төртінші өнеркәсіптік революциясының дамуына арналып отыр.  Әлемдегі әртүрлі сынақтарға төтеп бере отырып, барлық саланы 100 пайыз қамти отырып, 2050 жылға дейін ұзақ мерзімді даму стратегиясы жоспарлы түрде жүзеге асатын тағы бір мәрте мәлімдеді. Жолдауда биліктің  алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдің қатарына сенімді түрде кіруді қамтамасыз етеді деген  он міндет көрсетілген. Сондай – ақ, Президент осыған дейінгі Жолдаулар аясында атқарылып жатқан жоспарлы әрі жүйелі жұмыстарға көңілі толатынын да айттып өтті. Елбасының бұл сенімі бізді жігерлендіре түсті. Қазақстан  халқына жолдауын  Қаражал қалалық орталықтандырылған С.Сейфуллин атындағы кітапхана қызметкерлері талқылады. Елбасының жолдауында белгілеген 10 міндет – біздің жұмысымыздың басым бағыты болды, осы басты бағыттар бойынша кітапхана директоры К.Көшкінбаева айта кетті.Жолдаудың мақсаты мен міндеттерін талқылап, оны әрі қарай іске асыру бойынша кітапханашылар өз ой – пікірлерін білдірді.Жолдауда халықтың әлеуетін мелейінше жақсарту баса айтылған.Отанымыздың жарқын, баянды болашағы жолында барлық мақсат,толайым табыстарға бірлесе қол жеткізетінімізге ерекше сенім білдірді. Ендеше, соған біз де сеніммен қарап, жарқын болашағымыз үшін күш – жігерімізді аямайық!.

Комментариев нет:

Отправить комментарий