Қаражал қалалық орталықтандырылған С.Сейфуллин атындағы кітапханада
«Кітапхана руханият ордасы» атты ашық есік күнін ұйымдастырылды. Ашық есік»
күнін өткізудегі мақсат кітапханаға келген әрбір оқырманға ақпаратты
пайдалануда және оқырмандарды кітап оқуға дағдыландыру, жастарға кітап оқуды насихаттау, жаңадан келіп
түскен кітаптармен ашық түрде таныстыру, кітапхана мен кітапқа деген
қызығушылықтарын арттыру.Келушілерді кітапхананың жұмысымен, жұмыс уақытымен,
мерзімді басылымдармен кітапханамен танысып,. түрлі саладағы кітаптарды
парақтады.
Ашық есік күні аясында
«Әдебиет күнтізбесі – 2018» , «Әлем таныған Қазақстан», «Жаңа кітаптар» атты
кең көлемді кітап көрмесімен бастау алды.Астана қаласының 20жылдық
мерейтойына орай, елорданың дамытуда
мемлекет басшысының өлшеусіз еңбегін оқырмандарға жеткізу астананың бүгінгі
келбетінен мағлұмат беру мақсатында «Ақылды қала Астана» атты кең көлемді кітап
көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.Көрме тақырыбы латын әріпімен жазылған, тақырыпқа
сай безендірілген көрмеде: Астана туралы фотосуреттер , елорданың өткенінен
және бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын
және елбасының жаңа астана салу идеясын ұсынуы мен жүзеге асырған кезеңдерін
қамтиды. Шараға жиналған студенттер кітапхана туралы, кітап туралы көптеген
көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, пайдалы мағлұматтар алды.Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Ұлттық сананы жаңғыртқанда
өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыру керегі баса айтылған.
Бұл – қазақтың барлық ұлттық салт – дәстүрлерін, ең бастысы, мемлекеттік
тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи рухымызды жаңғырту мақсатында
«Салт – дәстүрім – асыл қазынам» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.Білім –
рухани жаңғырудың басты алғышарты.Сондықтан да кітапхана рухани жаңғырудың
орталығы болу керек. Бұл шара шынымен де жас ұрпақтың бойында кітапсүйгіштікке,
әдебиетке деген қызығушылықты оятатын болады. Көрмеге келген жастар барлығы ана
тіліміздегі әдеби – көркем кітаптарды оқыса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.Кітап
рухани қазынамыз. Осы ретте бұндай көрмелердің берері мол болмақ, алдағы
уақытта осындай көрмелерді ұйымдастырып, көрме аясында таныстырылымдар,
тұсаукесерлер , түрлі тақырыптарда іс – шаралар жоспарға сәйкес жалғасын
табады. Шараға жиналған студенттер кітапхана туралы, кітап туралы көптеген
пайдалы мағлұматтар алды. Ашық есік күніне келуші өздеріне керекті кітаптарды
таңдап жаздырып алды. Шара барысында оқырмандар кітапхананың сайты туралы,
тақырыптық блогтары туралы мағлұматтар алды.
Комментариев нет:
Отправить комментарий