Наурыз – көктем мен жаңғыру күні. Кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің мерекесі. Халқымыздың берекесі мен бірлігінің, ынтымақты тірлігінің, өсиеті мен өнегесінің өшпес белгісі.
Қанға сіңген қасиетті дәстүріміз. Біздің кітапханаға көктемнің ең жарқын мерексі - Наурыз мейрамы келіп жетті. С.Сейфуллин атындағы кітапхана ұжымы ұйымдастырған «Наурызым мерекем – Наурызым берекем!» атты әдеби – сазды кеш өткізілді. Кешке қала тұрғындары, оқушылар қатысты. Қонақтар арасында еңбек ардагерлері және зейнеткерлер болды. Көктемгі мерекелік кеште ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып паш етілді. Самарқанның көк тасы жібитін осынау қасиетті күні адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін кешіріп, тек қана жылылыққа толы тілектер айтылып көрніс көрсетілді. Наурыз мейрамын ұлттық тағамдарға толы ақ дастархансыз елестету мүмкін емес. Сондықтан кітапханада өткен мерекелік кеште концерттік бағдарламаға қоса, қонақтарға арналып «Наурыз көже», дәстүрлі ұлттық тағамдардан ақ дастархан жайылып үлкен кісілер ақ батасын берді.| Блог библиотеки города Каражал |
Подписаться на:
Комментарии к сообщению (Atom)
1
Поиск
Ближайшие праздники







Комментариев нет:
Отправить комментарий