вторник, 10 апреля 2018 г.

Бір ел-бір кі



Елімізде республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Он жылдан астам тарихы бар акцияның әр жылында "Жыл кітабына" бір шығармадан ұсынылып отырды . Ал, 2018 жылы осы акция аясында бір халық болып оқуға үш бірдей шығарма таңдалып алынды. Олар: Ш. Құдайбердіұлының шығармалары, Б. Момышұлының "Ұшқан ұя" повесті және Н. Келімбетовтің "Үміт үзгім келмейді" атты кітабы. Осы шығармаларды қалың оқырманға жақынырақ таныстыру мақсатында C.Сейфуллин атындағы кітапханада  «Бір ел – бір кітап» акциясы  аясында, оқушылар арасында ақпараттық сағат өткізілді. Оқушылары алдында халқымыздың үш даңқты ұлдары туралы әңгіме айтылып, шығармаларына шолу жасалды. Алдағы уақытта  «Бір ел – бір кітап – 2018» акциясы аясында бірқатар шаралар өткізу жоспарланған.

Комментариев нет:

Отправить комментарий