среда, 6 июня 2018 г.

Тарихтан тағлым-өткенге тағзым

C.Сейфуллин атындағы кітапханада 31 мамыр - Саяси қу­ғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Сондықтан 1927-1953жж. ақтаңдақтар ақиқатын түсіндіруге ұмтылу. Қазақстанда 1997 жыл­дан бері жыл сайын 31 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу күні аталып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз. Көрмеге Т. Аблайханов «Сұрапыл жылдар», из истории политических репрессий в Казахстане«          Красный террор:», Қ.Сәрсекеев «Отыз жетінші жыл» т.б кітаптар қойылды.

      Кітап көрмесін көруге шақырамыз!

Комментариев нет:

Отправить комментарий