пятница, 11 мая 2018 г.

Ұлы Жеңіс-жасасын!


Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

Әйтсе де, Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың өнегелі өмірлерін жас ұрпаққа жан-жақты насихаттау, таныстыру кітапхана қызметкерлерінің міндеті.
Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұлы  Жеңіс - жасасын!» - атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қазақтың ер жүрек қыздары «Шығыстың қос жұлдызы» Әлия мен  Мәншүктің ерлігі жайлы жазылған кітаптар көрме төрінен орын алды. Кітап көрмесінің мақсаты- оқушыларға осы Жеңіске қалай жеткеніміз туралы ақпарат беріп, аға-апалары жасаған ерлікті кейінгі ұрпақ біліп жүруі мақсатында, енді ешқашан соғыс болмасын деген ұранмен өткізілді. Кітап көрмесінде 95 – ден аса кітап көрсетілген. Көрме бірнеше бөлімнен тұрады: «Олар отан үшін шайқасты», «Ер есімі – ел есінде», «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін», «Ерлікті сүйген ел нұрлы».Көрмеде Ұлы Отан соғысына арналған әр түрлі кітаптар көрсетілген. Кітап көрмесінде соғыс жылдары басылған кітаптар үлкен қызығушылық тудырды. Көрмеге Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың қосқан үлесі, олардың батырлық ерліктері туралы материалдар,  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, қазақ батырларының каһармандықтарын баяндайтын кітаптар ұсынылды.

Комментариев нет:

Отправить комментарий