«Шоқаны бар
ел-шоқтығы биік ел!»
Ғ.Мүсірепов.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында туған демократтық,
ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, әдебиет зерттеуші,
публицист, ғалыми аудармашы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф,
тілші, саяхатшы- географ Шоқан
(Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлихановтың 1 қараша туған күніне орай қалалық кітапханада «Жұлдызы
жарық, жұмбағы қалың тұлға» атты вернисаж көрмесі ұйымдастырылды.
Вернисаж
көрмеге Ш.Уалиханов атындағы тарих, археология және
этнография институты дайындаған Ш.Уалихановтың алты томдық шығармалар жинағы қойылды. Кітапта ғылыми
өмірі мен қызметі жайлы мақалалар 1851-1856ж аралығындағы тарих, география мен
этнография , шығыс елдерінің ауыз әдебиеті, Қазақстан, Орта Азия және Шығыс
Түркістанның тарихы туралы ғылыми еңбектері жазылған. Басылымда қазіргі
уақыттың талабына сәйкес, грамматикалық және
стилистикалық ерекшеліктер ескере отырып иллюстрациялар, карталар, кең
көлемді түсіндірмелер берілген, сонымен қатар таңдамалы кітаптары қойылды. Ш.Уалихановтың
қамшының қысқа сабындай өнегелі өмірі,
ғылыми танымы және қалдырған баға жетпес тарихи құжаттары қазақ халқының мәңгі
өшпес тарихында қалады.
Комментариев нет:
Отправить комментарий