Елдік үшін бәрін көрген азаптың
Бабалардың аңсары еді Азат Күн.
Тәуелсіздік-бойтұмары Елімнің,
Одан асқан қастері жоқ қазақтың!
Тәуелсіздік-Алашымның арманы!
Тәуелсіздік-Алтын Күнім
таңдағы!
Жүрегінде тербетілген ардағы!
Тәуелсіздік тәтті екен ғой шекерден,
Осы жолда талай
борыш өтелген.
Ерлеріне қуат берсін Алаштың,
Көк байрақты көкке биік көтерген.
Тәуелсіздік,биігін-ай бағаңның!
Аманаттың ақ жолында адалмын.
Бір сен үшін жасын сықты анам мың,
Бір сен үшін басын
тікті бабам мың!
Бір сен үшін отқа түсіп жан шыбын,
Бақытынан безді бабам бал-шырын.
Ұйықтамады,
Көз шырымын алды
олар
Маңдайына сабын тіреп қамшының.
Тәуелсіздік, не жетеді құныңа?!
Ғұмырымда айналайын құлыңа.
Парыз маған тізгініңді ұстату
Бесіктегі бақырауық ұлыма.
Азат елдің ауасымен дем алам,
Сонда-дағы болашаққа мен алаң.
Тәуелсіздік, сен аман бол, сен аман,
Сен аманда-Айбынды Алаш Елі аман!
Автор: Серік
Сейітман
Комментариев нет:
Отправить комментарий