1-Желтоқсан
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай Қаражал қаласындағы
С.Сейфуллин атындағы
кітапханада «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты кітап көрме
ұйымдастырылды. Кітап көрменің мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы .Назарбаевтың
өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері, еңбектері туралы мәлімет беру және өскелең
ұрпаққа кеңінен насихаттау.
Елбасының
ұстанымын, даналығын, өмір жолын үлгі етіп, жас ұрпақты Отанын, халқын, жерін
сүюге, азаматтық, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрмеге
Н.Ә.Назарбаевтің «Тәуелсіздік дәуірі» «ХХI-ғасыр Қазақстанның жұлдызды ғасыры»
«Ақыл-парасат» «Ғасырлар тоғысында», « Бейбітшілік кіндігі», «Евразия
жүрегінде», «Мәңгілік ел», «Ұлы дала ұлағаттары» тағыда көптеген
еңбектері қойылды. Елбасы туралы айтылған ойлар, Елбасымыздың атына келіп
түскен үндеулермен құттықтау кітаптары қойылды. Атап айтсақ: Елбасының өмірі мен еңбек жолына арналған
М.Қасымбаевтың «Первый. Очерки о Президенте Республики Казахстан» кітабы, Ө.Жалаири
«Елбасы біреу,ел оған тіреу» С.Плеханов «Не шелковый путь» «Ақ тілектер ағыны».
Кітапханаға келген оқырмандарға көрменің
мазмұнын ашып, шолу жасалды.
Комментариев нет:
Отправить комментарий