пятница, 18 января 2019 г.

Әдебиет күнтізбесі - 2019

16 қаңтар күні 2019 жылдың көрнекті классик мерейгер ақын-жазушылары мен мерейтой кітаптарын оқырмандарға дәріптеу мақсатында «Әдебиет күнтізбесі - 2019» атты кең көлемді кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды
. Биылғы жылы әдебиет әлемі көптеген мерейтойларға толы. Атап айтсақ қазақ халқының ақыны, әрі батыры Махамбет Өтемісұлы – 215 жыл, Кенен Әзірбаев – 135 жыл, жазушы-драматург Жүсіпбек Аймауытов – 130 жыл , Бейімбет Майлин - 125 жыл, Әбіш Кекілбаев және Фариза Оңғарсынова - 80 жыл, Ілияс Жансүгіров – 125 жыл, Әбдіжәміл Нұрпейісов – 95 жыл, Сағи Жиенбаев – 85 жыл, Сәкен Жүнісов – 85 жыл , Қалдарбек Найманбаев – 80 жыл, Александр Пушкин – 220 жыл, Морис Симашко – 95 жыл, Герольд Бельгер – 85 жыл. Әр шығармаларында өз мінезі, тағдыры, дара жолы бар өз оқырманын тапқан ақын-жазушылардың шығармаларына библиографиялық шолу өткізілді. Қаражал қалалық орталықтандырылған С.Сейфуллин атындағы кітапханасында ақын-жазушылардың мерейтойларына арналып жыл бойы іс–шаралар өткізеді. Іс-шаралардың бастамасы «Әдебиет күнтізбесі - 2018 » дәстүрлі кітап көрмесінен басталды.
Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді көрмемен танысып, аталмыш кітаптарды оқуға шақырамыз!

Комментариев нет:

Отправить комментарий