четверг, 7 февраля 2019 г.

««Қазақ поэзиясының хантәңірі»


«Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атанған жиырмасыншы  жүз жылдықтағы  ұлттық поэзиямыздың ірі тұлғаларының бірі, әр жүрекке жол тапқан  әсерлі өлеңдері  оқырман сүйіспеншілігіне бөленіп келе жатқан Мұқағали Мақатаевтің туған күніне орай
  Орталық кітапханада «Қазақ поэзиясының хантәңірі»  атты кітап көрме  ұйымдастырылды.
Көрмеге ақынның кітаптары, томдық кітаптары және мерзімді басылымдардан шыққан мақалалар қойылды, оқырмандарға әдеби шолу жүргізілді. Жарық  жұлдыздай жарқ етіп, оқырманды өзіндік сыр-сипаты қайталанбас дарынмен баурап алған ерекше тұлға Мұқағали Мақатаев асқар тау мен дархан даланың жаны-жарқын асыл адамдары мен таңғажайып табиғатының асқақ жыршысы болды. Ашығырақ айтсақ  ақын поэзиясы  жұмыр жердің барлық  мәселесіне  араласқан, туған жер, адамдар тағдыры өмір мен өлім, ана мен бала, махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан  тағы да басқа тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген. Ақын нені жырласа да поэзиясында өзіндік үні естіліп, өзіндік қолтаңбасы көрініп тұрады. Табиғи дарын, құдіретті поэзия,этикалық тіл,терең психологиялық-философиялық көркем ой  бойына кең дарыған. Мұқағали Мақатаев  өмірінің соңына дейін қолынан жүйрік қаламы түспеген, қазақтың қара өлеңінің құдіретіне, терең сырына қаныққан ақын. Сөз құдіретінің мән - мағынасын терең түсініп, сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелейтін Мұқағалидай ақын кемде-кем. Поэзияның биік шыңына шыққан киелі де қасиетті қара өлеңнің құдіретін жоғары бағалап, сарқылмас «жыр қазына» қалдырған   «Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын» деп жырлаған Мұқағали ақынның мәңгілік өмірі болашаққа қарай тарих керуеніне ілесіп, талай ұрпақтың жүрегіне жарығы мен жылуын түсіріп, өшпейтін өрнекті өлеңдер өмір сүре береді. Бәріміз мойындайтын бір шындық, ақынның өлеңдері мәңгілік жыр-ғұмырға айналды.

Комментариев нет:

Отправить комментарий