пятница, 15 февраля 2019 г.

«Ел есімі-Ел есінде»


15-і ақпан Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай  Орталық кітапханада «Ел есімі-Ел есінде» атты кітап көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге мерзімді басылымдар қойылды. Ауған соғысының тарихына тоқталып оқырмандарға  шолу жүргізілді. Әрине, арада отыз жыл уақыт өтсе де отты жылдар салған жүректегі сызат әлі жазыла қойған жоқ. Бір елдің ішкі саясатына басқа елдің араласуынан туындаған майдан. Асыл ерлерді құрбан еткен – олардың интернационалдық борышы дедік. Ал, ақиқатында тарих бедерінде саяси ойын мен бейтарап мүдделердің құрбандары ретінде есте қалды. 
 Бір сөзбен айтқанда, оқ пен оттың ортасынан оралған ардагерлер үшін Ауғанстан жазылмас жан жарасына айналды.Бұл майдан енді есейген бозбалаларға бауырдың жақындығын, жүректің батылдығын, бейбіт күннің қадірін бірден ұғындырды.  Сондықтанда жас буынға ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі етуіміз керек.

Комментариев нет:

Отправить комментарий