Қаражал қаласының С.Сейфуллин
атыңдағы кітапханасы кезекті іс-шарасын «Кәсіби әскерилендірілген
авариялық-құтқару қызметі» мекемесінде Қ.Р-ның тәуелсіздігінің 25-жылдығына
орай, «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан»
атты желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өткізді.
Кештің мақсаты: Желтоқсан
оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол
жеткізгендігімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың
жалған айыппен өмірден өткендіктерін жете ұғындыру, адамдардың дүниетанымын
кеңейту.
Іс-шараны кітапхананың
оқырмандарға қызмет ету бөлімінің меңгерушісі Ж.Жалмағанбетова ашып, «Кәсіби
әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» қызметкерлеріне баяндама оқыды.
Әрбір қатысушы өз ойларын ортаға сала отырып, мемлекетіміздің патриоттары
екендіктерін дәлелдеді. Бөлімше командирі А.Г.Мусин сөз сөйлеп, осындай
іс-шараның жиі өткізуіне ниет білдірсе, И.В.Канашин, А.А.Плахотный және де т.б
қызметкерлер өз ойларын айтып, белсене ат салысты. Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға
қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде
мәңгі сақталады. 30-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар
жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін
қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен
апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған
тәуелсіздікке қол жеткізді. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Желтоқсан көтерілісіне қазақ
жастарының, яғни тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова,
Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. Бүгінде , осы оқиғадан кейін біздің
Қазақстанымыз өзінің тәуелсіздігін алды. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз,
әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетпіз.
Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
Алтын заңың құтты болсын қымбаттым
Туған күнің құтты болсын алыбым!
Армандарды жақындатқан тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік ел бақыты ертеңі
О, халайық құтты болсын қуаныш-дей келе, осы тәуелсіздік
жолында құрбан болған әрбір азаматтарымызды құрметтейік ағайын!





Комментариев нет:
Отправить комментарий