среда, 21 сентября 2016 г.

Тіл тұғыры - ұлт ғұмыры

«Тіл тек адамға ғана тән,аса құдіретті құрал. Сондықтан тілді қадірлеудің әрбір сөздің мағынасын, мәнін ұғып, оны дұрыс пайдалана білудің мәні зор»
                                                                                                                                М.Шоқай.
22-қыркүйек   Қазақстан  халықтарының  тіл  мерекесінеорай кітапханамызда  «Тіл тұғыры-ұлт ғұмыры»  атты кітап көрме ұйымдастырылуда.Кітап көрме төрт бөліктен тұрады:
           1.Тілім менің-тінім менің.
           2.Қазақ тілім-алтын қазығым.
           3.Қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлғалар.
           4.Өзге тілді үйренейік.
Көрменің мақсаты:  халқымызды өз ана тіліне деген құрметіне  сезіну, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын  өзге халықтардың және  шетел тілдерді құрметтеу.
Көрмеде қазақ тілінің тарихы, оның тереңде жатқан түп тамыры және  қалыптасу кезеңдері жайлы айтылған кітаптар енгізілді,Тіл және Қоғам журналдары,тіл білімінің негіздері, сонымен қатар тіл білімі саласындағы зерттеулер, қазақ тілінің негізгі қағидалары мен тұжырымдары, дүние жүзіндегі бірсыпыра тілдердің ерекшеліктерімен салыстырыла зерттелген кітаптар,онда тіл мәселелері, тіл мәдениеті, терминология және қазақ тіл білімінің әр түрлі салаларына тоқталған.Сонымен қатар шет елдердің кітаптары,сөздіктері қойылды.  
 Елбасымыз  Н.Назарбаев «Қазақстаның болашағы қазақ тілінде» деген сөзін еске ұстай отыра, бүгінгі жастардың мемлекеттік тілге деген нақтылы ойларын білу, Отаншылдық сезімін арттыруды көзге ұстай отырып, әр адам ана тілін  көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.

Комментариев нет:

Отправить комментарий