пятница, 30 сентября 2016 г.

Өз тіліңді білесің ба?



С.Сейфуллин атыңдағы кітапханада Тілдер мерекесіне арналған «Өз тіліңді білесің ба?» атты библиоринг өтті. Библиоринг  №7 аралас орта мектебінің 10-сынып оқушыларымен өткізілді.
Іс-шара мақсаты:  балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді,  дүниені,  өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл -халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Библиоринг №7 аралас орта  мектебінің ғимаратында 10-сынып оқушыларымен өткізілді. Сайысты кітапханашы Ж.Ұзақова өзі алғы сөзді айтып, өткізді. Оқушылар екі топқа бөлінді: 1-топ: «Шырақ» және 2-топ: «Тапқырлар». Сайысымыз 4-кезеңнен құралған:  «Сөз тапқанға»,  «Білімпаздар», «Сен білесің бе?»,  «Кім жылдам?». Оқушылар алғырлық танытып, бір-бірінен қалыспай жылдам жауап беріп, белсене қатысты. Оның ішінде ерекше көзге түскендер З.Нұртасова, Г.Қажыбай, И.Абдірәсіл, М.Гареева, Ж.Тұрабаев. Қорытындылай келе  «Білімнің мініп алып тұлпарына, қиналмай шықты білім шындарына» демекші, білімдері жетік, ақыл-ойлары ұшкір, сөздеріне нақ бола білген , атттарына сай «Тапқырлар» тобы озық болып шықты. Сайыс соныңда қатысқан барлық оқушыларға рахметімізді айтып жеткіздік.

Комментариев нет:

Отправить комментарий