пятница, 7 октября 2016 г.

«Тәуелсіздік деп жырлайды»



Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
            Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығы  Мерей тойы құрметіне    Қазақстан  ақын,  жазушыларының тартуы.
        
  «Тәуелсіздікке тарту» атты  тәуелсіздіктің асыл мұраттарын арқау еткен-азат Ақордасы Сарыарқа  төсінде  бой көтеріп,әлемге танылған Қазақстан мемлекетінің  мәртебесін асқақтатқан, жаңа заманның жаңа тарихын толғаған топтама өлеңдер, толғауларға, поэмаларға мүшәйра жариялаған еді.Бұл жинаққа жүлделі орын алған  және мүшайра талабына лайық туындылар іріктелініп алынды.Тәуелсіздік тарихының қыр-сырын ашуға ат салысқан, көркемдігі жағынанда, ақындық деңгейі жағынанда биік, тәуелсіз қазақ мемлекетінің тарихына,поэзиясына қосылған еңбектер оқырмандарын қуантып, халқымыздың қазынасына айналады деп ойлаймыз.
Егеменді елім
Егеменді Тәуелсіз ел болуды,
Еркіндікті, өз алдына ел болуды.
Аңсаған талай ғасыр қазақ елі,
Тілегің, Ұлы арманың орындалды!
Келмеді тәуелсіздік бізге оңай,
«Мың өліп, мың тірілген» халық талай.
Ойласам өткен өмір өткен жолды,
Өткізсем ой-шелектен азат жолды.
Келеді көз алдыма қазағымның,
Шейіт болған майданда ұл мен қызы.
Өтіпті талай шайқас, талай қырғын,
Кең дала қазақ елі не көрмеген.
Өтіпті ел басынан зарлы заман,
«Ақтабан шұбырынды» бастан кешкен.
Қорғаған жау шапқанда байтақ елін,
Күшімен ақ білектің,найзаменен.
Еске алайық халқымыздың ұрпақтарын,
Көрсеткен жанқиярлық ерліктерін.
Болғанды әр заманда көсемдері,
Ақылгөй, көріпкелді даналары.
Дуалы дүйім елге пана болған,
Үш жүздің басын қосп,ақыл берген.
Өтіпті Төле Би мен Әйтеке Би,
Өтіпті Қаз дауысты Қазыбек Би.
Бас тіккен елі үшін қан майданда,
Өтіпті сан батырлар қол бастаған.
Жан берген сан сұрапыл шайқастарда
Қабанбай,Бөгенбай жол бастаған.
Қайтарған кеген жаудың әрі бетін,
Көрсеткен халқымыздың ел екенін.
Еске алайық ел басқарған Абылайды,
Көрегенді, саясатпен қылған ісін.
Еске алайық өтіп кеткен хан Кенені,
Наурызбай, Ағыбайдай батырларды.
Қорғаған шүберекке жанын түйіп,
Отаршыл басқыншыдан туған жерді.
Өткізген ат үстінде бар ғұмырын,
Азатшыл, еркіндікті сүйген баба.
Сақтаған еліміздің тұтастығын,
Мәңгілік ел есінде Ата-баба!
Автор: Әлкен Байбурин

Комментариев нет:

Отправить комментарий