пятница, 17 марта 2017 г.

Армысың әз-Наурыз!

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрам қарсаңында Қаражал кітапханасында «Армысың әз-Наурыз!» атты акция ұйымдастырылып, осы акцияға байланысты кітап көрме жасалды. Кітапханашылар қаламыздағы бірнеше мекемелерге барып кітап көрмеге шолу жасап, осы кележатқан Ұлыстың ұлы тойы туралы ақпарат берді.

Көрменің мақсаты: Наурыз тойының шығу тарихын, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы таныстыру және кітаптарды насихаттау.
Акцияның тұсау кесері «Қаражал калалық тұтынышулардың құқығын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өткізілді, онда кітапханашы: Жайнагүл Ұзақова ауқымды түрде әр бір кітаптарға тоқталып, шолу жасады.
Мекеме қызметкерлері қызығушылық танытып тақырыпқа және кітапхананың жұмысына байланысты әртүрлі сұрақтартар қойылып, кітапханашылардан нақты жауаптар алды. Іс-шара соңында мекеменің басшысы Салауатов Муслим Сағинаевич ұжым атынан алғысын білдіріп, тағыда осындай іс-шаралардың көп болғаны туралы ілтипатын білдірді. Құшақ жая ыстық лебізбен қарсы алған мекеме қызметкерлерін Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап, алғысымызды білдірдік

Комментариев нет:

Отправить комментарий