Әдебиет күнтізбесі - 2017 жыл
С.Сейфуллин атындағы кітапханамызда жыл сайын ақын-жазушылардың мерейтойларына араналып
«Әдебиет күнтізбесі» кітап көрмесі ұйымдастырылады.
Осы даталы күнге байланысты 2017 жылғы кітап көрмеде қазақ әдебиетінің аса
көрнекті ақындары мен жазушылардың асыл
мұра болып қалдырған шығармалары қойылды «Өз заманының
заңғар ұлы» мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының
академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы
Қонаевқа 105 жыл толып отыр, көрмеде
арнайы жазылған кітаптары қойылды, Қазақстан Респубкикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, қазақтың ұлы
жазушылары өз дәуірін барынша
батыл, өткір тілмен жырлаған ақын Д.Бабатайұлына 215 жыл,
М.Әуезовке 120 жыл,
Ғ.Мустафинге 115 жыл, Ғ.Мүсіреповке 115 жыл, Ә.Әбішевке 110 жыл,
С.Омаров 110 жыл, Ғ.Орманов 110 жыл, С.Шаймерденовке 95 жыл,
Ә.Нұршайықовқа 95 жыл, Ш.Мұртазаға 85жыл, К.Смайловқа 85 жыл, Т.Кәкішевке 90
жыл, Т.Дәуренбековке 90 жыл, Т.Айбергеновке 80 жыл, М.Қаназов 75 жас, С.Сматаев
75 жыл, Д.Досжан 75 жыл тағыда көптенген ақын,жазушылардың кітаптары
қойылды. Адам баласының азаттығын, оның бақытын армандаған,
оларды жақсылықты сүйе білуге, бірін-бірі құрметтеуге шақырған, қоғам дамуы мен
адам өмірінің сырын терең түсінуге бастайтын әдебиет қашанда оқырман-дарын
табады, оны кейінгі ұрпақ та қызығып оқиды.
Құрметті әдебиет сүйер қауым! жыл бойы сақталып тұратын кітап көрме
сіздердің назарларыңызда. Көрме жыл бойы оқырмандарға ұсынылады. Көрмеге барлығы 238
дана кітап қойылды.
Комментариев нет:
Отправить комментарий